«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарында 11-сынып оқушыларына арналған «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.
Кездесудің құрметті қонақтары ретінде AMANAT партиясының Жаңаарқа аудандық филиалының төрағасы Амангелді Бақышұлы Түсіпов және Жаңаарқа аудандық мәслихатының депутаты Бекболат Ерболатұлы Жарылғапов қатысты.
Сынып сағаты барысында:
• жаңа Конституцияның негізгі баптары түсіндірілді;
• адам капиталын дамыту, білім, ғылым және инновацияның маңызы талқыланды;
• жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында оқушылармен пікір алмасу жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушылар Конституциядағы өзгерістердің мәнімен танысып, өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейтті. Сонымен қатар, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеу мәселелері кеңінен қарастырылды.


Добавить комментарий